19.09.2026

Біздің мектебіміз Дүниежүзілік тазалық күнін қолдады
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Каменка ауылының жалпы білім беретін мектебінің педагогтері, қызметкерлері мен оқушылары World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне арналған экологиялық акцияға белсенді қатысты.
Іс-шара барысында мектеп аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Акцияға қатысушылар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосып, табиғатқа жанашырлық пен экологиялық мәдениеттің үлгісін көрсетті.
Акцияға белсенді қатысқан барлық педагогтерге, қызметкерлерге және оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
#ТазаҚазақстан #WorldCleanupDay #ДүниежүзілікТазалықКүні #ТазаЕл #Экология #КаменкаМектебі #БіргеТазаҚазақстан